Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Оқушылар 1 қыркүйектен бастап мектепке барып оқиды

Оқушылар 1 қыркүйектен бастап мектепке барып оқиды

Kyzylorda-news.kz. Педагогтары мен қызметкерлері 100% вакцина салдырған мектептер дәстүрлі оқыту форматына көшеді. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов «Nur Otan» партиясы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Жоғары оқу орындарында 18 жастан асқан студенттер де вакциналануы немесе қашықтан оқытуға ауыстырылуға тиіс. Кеңес мүшелері офлайн оқуға оралу үшін санитарлық талаптар қатаң сақталуы керек деп отыр.

«Мектептердегі сақтық шаралары бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды, сыныптарды бөлуді және әртүрлі сыныптар үшін үзіліс уақытын бөлуді, асханада тамақтану барысына бақылауды күшейтуді қамтиды», – деді денсаулық сақтау министрлігінің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов.

Ал білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1 қыркүйектен бастап 7,5 мыңға жуық мектепті ашу жоспарланып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, ол «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындауға арналған «Жол картасы» аясында биыл 200 мектеп салу және 1 мың мектепті жаңарту міндеті тұрғанын атап өтті.

«Әр сыныптағы оқушы саны 25-тен аспауы керек деген талап қойылды. Ата-аналар санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтауы үшін арнайы жұмыстар жүргізілуде», – деді Шолпан Каринова.
10 шілде 2021 ж. 100 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области