Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ СОТСЫЗ ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰРЫЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ СОТСЫЗ ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰРЫЛАДЫ


    Бұл туралы Сотсыз татуласу тұжырымдамасын қалыптастыру туралы кеңейтілген мәжіліс отырысында хабарланды.
    Мәжіліске облыс әкімі Қ.Көшербаев, ҚР Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен және облыстық мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.
    «Өздеріңізге белгілі, Елбасы Н.Назарбаев дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастыру, ұсақ-түйек мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен жүргізілетіндей тетіктер қарастыру жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен қоғамдағы даукестік деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін «Сотсыз татуласу орталығын» құру жобасы ұсынылып отыр және оны жүзеге асыру үшін пилоттық аймақ ретінде Қызылорда облысы белгіленді», - деді облыс басшысы.
    ҚР Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлейменнің айтуынша, «Сотсыз татуласу орталығын» құру жобасын жүзеге асыру үшін қазақшылықтың қаймағы бұзылмаған, ұлттық рухани құндылықтарын сақтай білген Қызылорда облысынан бастау жөнінде шешім қабылданған.
    «Ел ағалары қолдау көрсетеді деген сеніммен жаңа жобаны осында бастауды жөн көрдік. Жоба нәтиже беріп, бір ізге түсетін болса басқа да өңірлерге таратпақшымыз. Бұл бастаманың еліміз үшін маңызы зор, өйткені қазіргі таңда болмашы дауды көптеген жылдар бойы шешілмей, қып-қызыл шығынға ұшырайтын жағдайлар жиілеп барады. Дегенмен, жақсы тәжірибеміз де аз емес. Соның бірі Н.Ілиясов ауылының ардагер ақсақалдары қолға алған қоғамдық бірлестік қызметін атап айтуға болады. Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев аулында осы бүгінге дейін дау қуған немесе сотталған бір адам болмапты. Мұндай     тәжірибені кеңінен қолдану қажет», - деп атап өтті Сағатбек Сүлеймен.
    Сот саласының ардагері Ғалия Шыңғысованың айтуынша, 1980-90 жылдары облысымызда жылына 500-600 азаматтық іс қаралатын болса, қазір бір жылда қаралған азаматтық  істердің саны  30 мыңнан асып кеткен.  
    Жиынды қорытындылай келе, облыс әкімі Жоғарғы сот бастаған жобаның аймақтың қоғамдық өмірі үшін маңыздылығы зор екенін атап өтіп, әріптестерін соттан тыс дауларды шешудің тиімді жолдарын қарастыруға шақырды.


22 ақпан 2018 ж. 589 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области