Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 22 шілдеге арналған ауа райы болжамы

22 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Бүгін ауа райында айтарлықтай өзгеріс болмайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Атмосфералық фронттарға байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.

Оңтүстік-шығыстың және шығыстың кей жерлерінде бұршақ күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады. Солтүстікте және оңтүстік-батыста жауын-шашын жаумайды. Солтүстікте түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жауады.

Жамбыл облысында, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел қарқыны – 15-20 м/с. Шаңды дауыл соғады. Жамбыл облысының таулы адандарында күндіз бұршақ жауады.

Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл тұрады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде аптап ыстық сақталады.

Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
22 шілде 2021 ж. 123 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области