Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » НҰРЛАН ҚОЯНБАЕВ «ТҮНГІ СТУДИЯДАН» ЖӘНЕ QAZAQSTAN АРНАСЫНАН БІРЖОЛА КЕТТІ

НҰРЛАН ҚОЯНБАЕВ «ТҮНГІ СТУДИЯДАН» ЖӘНЕ QAZAQSTAN АРНАСЫНАН БІРЖОЛА КЕТТІ


    Танымал әзілкеш, КВН жұлдызы Нұрлан Қоянбаев бұдан былай «Түнгі студия» бағдарламасын жүргізбейді. Бұл ақпаратты QAZAQSTAN РТРК басқарма төрағасы Ерлан Қарин Tengrinews.kz порталына растады.
    «Біз қазір 1 наурызда басталатын жаңа маусымға дайындалып жатырмыз. Бағдарламалардың біразы жаңартылған форматта шығады. Мәселен, "Түнгі студия" жобасында жаңа жүргізуші болады. Бұл аяқасты қабылданған шешім емес. Нұрлан Қоянбаев өзінің шығармашылығымен айналысамын деп шешті. Біз мұны 2017 жылдың жазында талқылаған болатынбыз, ол телеарнадан уақытша кететінін айтты. Сол кезде біз Қоянбаев "Түнгі студияны" жыл соңына дейін жүргізіп береді деп келістік. Енді аталған тележоба жаңа форматта шығады», - деді Ерлан Қарин.
    Оның айтуынша, «Түнгі студияның» жаңартылған нұсқасы көрермендерге ұнауы тиіс. Ал, оның жаңа жүргізушісінің есімі жақын уақытта белгілі болады.
    Ерлан Қарин сондай-ақ, Қоянбаевтың телеарнадағы қызметінен де кеткенін мәлімдеді. QAZAQSTAN арнасында ол бас продюсер лауазымын атқарып келген болатын.

23 ақпан 2018 ж. 694 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области