Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Олимпиада ойындары өтіп жатқан Токиоға жойқын тайфун жақындап келеді

Олимпиада ойындары өтіп жатқан Токиоға жойқын тайфун жақындап келеді

Kyzylorda-news.kz. Жақында Жапония астанасы Токиода үш қабатты үйдің биіктігімен бірдей толқын, қатты жел және нөсер жауын болады деп болжанып отыр. Қазір бұл қалада жазғы Олимпиада ойындары өтіп жатыр.

Жарыс ұйымдастырушылары ауа райына байланысты бірқатар спорт түрінен жарыс уақыты ауысуы мүмкін екенін ескертті.

Жапонияның ұлттық метеорология агенттігі Токиоға «Непартак» тайфунының жақындап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.

Табиғи апаттан нөсер жауын-шашын және биік толқындар күтілуде. Қазір тайфун Жапониядан оңтүстікке қарай орналасқан Бонин аралдарында.

Табиғат апат өзімен бірге қатты жел әкеледі деп болжанып отыр. Қазір оның жылдамдығы секундына 20 метрді құрайды, бірақ ел астанасына жақындаған сайын одан әрі күшейеді деген болжам бар.

«Непартак» Жапонияның шығыс жағалауына жеткенде, жел толқындарды алты-сегіз метрге дейін көтереді. Метеорологтардың болжамынша, Токиода 100-ден 150 миллиметрге дейін жауын түседі.

Олимпиада-2020 ұйымдастыру комитеті тайфунға байланысты жарыс кестесі өзгеруі мүмкін екенін хабарлады.

Жазғы Олимпиада ойындары Жапонияда былтыр өтуі керек еді, алайда пандемияға байланысты 2021 жылға ауыстырылды.
26 шілде 2021 ж. 117 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области