Әрбір ауыл тұрғынының дауысы маңызды

Оның ішінде 18 жасқа толған Дамир да ауыл басшысын сайлауға асығып келіпті. Себебі бірінші рет сайлау науқанына қатысуы екен.
«Ауылдың басшылығын сайлауға дауыс беру мен үшін үлкен жауапкершілік. Себебі әрбір ауыл тұрғынының дауысы маңызды. Ауылымыздың дамып, гүлденгенін қалаймыз әрине. Сондықтан білімді, іскер азаматтарды сайлауымыз керек. Мен өз таңдауымды жасадым», – дейді ол.