Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысына бюллетеньдер жеткізілді

Қызылорда облысына бюллетеньдер жеткізілді

Kyzylorda-news.kz. Сайлауға 3 күн қалғанда бюллетеньдер сайлау учаскелеріне бөлініп берілетін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірер күн бұрын Орталық сайлау комиссиясынан Қызылорда облысына тиісті көлемдегі дауыс беру парақшалары жеткізілді. Олар аудан мен қала орталығындағы дауыс берушілердің жалпы санына сай бөлініп, аумақтық сайлау комиссияларына жеткізіле бастады.
Айта кетейік, 490 мың 898 сырбойылық азамат сайлауға қатысады. Қазір өңірде 366 сайлау учаскесі алдағы саяси науқанға толық дайын.
«Бүгінгі күні облыс аумағында ЕҚЫҰ-ның тәуелсіз байқаушылары жұмыс жасап жатыр. 8 маусымнан бастап ТМД мемлекеттері Парламентаралық ассамблеясының миссиясындағы халықаралық байқаушылар келеді деп күтілуде. Сонымен бірге 9 маусымдағы ҚР кезектен тыс Президент сайлауына барлық сайлаушыларды өзінің таңдауын жасауға, дауыс беруге шақырамыз», - облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов.


07 маусым 2019 ж. 595 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области