Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Токио Олимпиадасы: тағы бір боксшымыз жеңіске жетті

Токио Олимпиадасы: тағы бір боксшымыз жеңіске жетті

Kyzylorda-news.kz. Токио Олимпиадасында 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бибосынов пуэрторикалық Янкьель Ривера Фигероаға қарсы шықты. Екеуі де ашық бокстасты. Төрешілердің шешімімен Бибосынов 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін Серік Теміржанов (57 келі) пен Закир Сафиуллин (63 келі) алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізген.

Олимпиадада қазақстандық боксшылар барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Олар: Сәкен Бибосынов (52 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары).

Ал әйелдер арасындағы бокста ел намысын жалғыз Надежда Рябец (75 келі) қана қорғайды.
26 шілде 2021 ж. 195 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области