Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бокстан әлем чемпионатында екі қызылордалық боксшы ширек финалға шықты

Бокстан әлем чемпионатында екі қызылордалық боксшы ширек финалға шықты

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан Әлем чемпионатының ширек финалдық ойындары өтеді. Жарыстың бұл сатысында қазақстандық жеті боксшы сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің қарсыластары анықталды. Нұр-Сұлтан уақытымен 16.00-де басталатын күндізгі жекпе-жектерде Сәкен Бибосынов (52 келі) армениялық Артур Оганесянмен, Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) те сол елдің өкілі Арман Дарчинянмен қолғап түйістірсе, Василий Левит (91 келі) иорданиялық Хуссейн Яшаишпен шаршы алаңға шығады.
Ал кешкі жекпе-жектер елорда уақытымен 20.00-де басталады. Бұл уақыттарда Абылайхан Жүсіпов (69 келі) Доминикан Републикасынан келген Роан Поланкомен, Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) түркиялық Байрам Малканмен, Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) Германиядан келген Нелви Тилфакпен, Қайрат Ерәлиев (57 келі) өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловпен кездеседі.
Жартылай финалға жолдама алған боксшылар 20 қыркүйекте жұдырықтасады. Ал 21 қыркүйекте чемпиондар анықталады.
Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына 1993 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Содан бері барлығы 40 медальға қол жеткізді. Медальдің 11-і «алтын», 12-і «күміс» және 17-і «қола».

18 қыркүйек 2019 ж. 472 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области