БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ТҰМАН ТҮСЕДІ
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын жауып, тұман, көктайғақ болса, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында күн ашық болады деп күтілуде, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болса, күндіз желдің жылдамдығы 17-22 м/с артуы мүмкін.
Қарағанды облысында да тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болуы ықтимал. Жамбыл, Қызылорда облыстарында тұман болады деп болжануда.
Күндіз Қызылорда облысында көктайғақ болса, Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с артады. Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, ал Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.