Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАЛАЛАР КИІМДЕРІНЕН УЛЫ ЗАТТАР ТАБЫЛДЫ

БАЛАЛАР КИІМДЕРІНЕН УЛЫ ЗАТТАР ТАБЫЛДЫ


    Қарағандыда балалар киімдерінен улы зат табылды. Күртелер, жейделер мен белдемшелер тіпті жаңа туған нәрестелерге арналған ит көйлектерден де қауіпті газ - формальдегид анықталған. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері мәлімдеді, деп жазды Астана телеарнасы.
    Юрий Залыгин, Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары: Бұл киімдердің барлығы Қырғызстаннан әкелінген. Кәсіпкерлер оларды Алматы, Бішкек қалаларының базарларынан тасиды. Олардың құрамында формальдегидтің мөлшері өте жоғары. Бұл балаларымыздың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Адамның денесіне біртіндеп сіңіп ауыр дерттерге шалдықтырады.
    Санитарлардың айтуынша, улы зат тыныс алу жолдары мен жүйке жүйесін зақымдайды. Көз, тері ауруларына шалдықтырады. Сондықтан мамандар ата-аналарға иісі өткір киімдерді сатып алмауға кеңес береді. Өйткені қырғызстандық киім саудасына тосқауыл қою мүмкін болмай отыр.
    2017 жылы тексерулер нәтижесінде 40-қа жуық кәсіпкерге ескерту жасалып, 2 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Алайда, жоспардан тыс тексеруге ілікпеген сауда нүктелері жетерлік.
    Мамандар саудагерлер киімдер туралы ақпараттарға, өндірілген орны мен мата құрамына мән бермейтінін айтады. Көпшілігінде сапа сертификаты да жоқ болып шыққан.

23 ақпан 2018 ж. 625 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области