Мұса Қалдарбеков жаңа қызметке тағайындалды

Қалдарбеков Мұса 1972 жылы туған. Алматы технологиялық институты мен Алматы технология және бизнес университетін бітірген.
Еңбек жолын Кентау қаласындағы тігін фабрикасының жұмысшысы ретінде бастаған.
1991-1997 жылдары – Жаңақорған өндірістік комбинатының жұмысшысы, «Кереге» кіші мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары.
1997-2011 жылдары Алматы қаласының салық органдарында жауапты басшылық қызметтер атқарған.
2011-2019 жылдары – Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары, Қызылорда, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін Қармақшы ауданының әкімі қызметінде болды.