Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Дәрігер кімге қауын жеуге болмайтынын түсіндірді

Дәрігер кімге қауын жеуге болмайтынын түсіндірді

Kyzylorda-news.kz. Қауынның жұмсақ іш жүргізетін әсері бар екені анықталды. Сол себепті бұл өнімнен кімге бас тартқан дұрыс екенін диетолог Ольга Кораблева айтты, деп хабарлайды Stan.kz
«Қауын – калориясы төмен болғанына қарамастан, қорытылуы қиын өнім: 100 грамм өнімге шамамен 35 килокалория. Қауынды аш қарынға немесе басқа тағаммен, соның ішінде жеміс -жидекпен жеуге болмайды – бұл газ немесе диарея тудыруы мүмкін» , – деді Ольга Кораблева.

Дәрігердің айтуынша, ең жақсы нұсқа – тамақтанғаннан кейін бір сағат күту.

«Қауынның жұмсақ іш жүргізуші қасиеті болғандықтан, оны ішектің жұмысында қандай да бір төмен көрсеткіштер болған жағдайда тұтынудың қажеті жоқ: өнім бұл проблемаларды ушықтыруы мүмкін», – деп ескертті маман.

Диетологтың айтуынша, егер гастрит, жедел панкреатит (ұйқы безінің қабынуы), холецистит (өт қабының қабынуы), асқазан жарасы өршуі байқалса, онда қауыннан бойды аулақ салу қажет.
31 шілде 2021 ж. 120 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области