Мамандық таңдаудың маңызы
Kyzylorda-news.kz. Көптеген адамдар өздерінің кәсіби мақсаттары туралы ойланбай тұрып жұмыс іздей бастайды. Алайда жұмыс іздеуді бастамас бұрын, сіздің мансабыңызға қандай талаптар қойылатындығын анықтап алғаныңыз абзал. Бұл сіздің мықты және әлсіз жақтарыңызға объективті түрде қарауды қажет етеді.
Мысалы, сіз өзіңізге ұйымдастырушылық, адамдарды жұмылдыру секілді жұмыс қажет деп ойлауыңыз мүмкін, бірақ мұны сіздің мықты тұсыңыз деп қабылдауға болмайды. Екіншіден, сіз үйрену жаңа қадамдар жасауға көмектесетінін ұмытпауыңыз керек. Сонымен қатар, тағы бір ескеретін жайт — сіздің ұзақ мерзімді мақсаттарыңызға жету үшін, сіздің қызығушылығыңызды қанағаттандырмайтын жұмыстарды орындауға қаншалықты дайын екеніңізді тексеріңіз. Өзіңіздің мінез-құлқыңызға баға бере отырып, қойылатын кәсіби талаптардың нақты жиынтығын жасап шығаруға тырысыңыз.
Атап айтқанда, бірнеше маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. Сіз қандай өмір сүргіңіз келеді? Мысалы, ауылда немесе қалада өмір сүргіңіз келеді ме? Бос уақыт сізге қаншалықты керек? Сіз үшін жалақы маңызды ма? Сіз тұрақтылықты ұнатасыз ба әлде жаңашылдыққа жақынсыз ба? Қандай жұмыс жасағыңыз келеді? Мысалы, сіз жалғыз немесе ұжыммен жұмыс жасағанды ұнатасыз ба? Түрлі іс-шараларының ұйымдастырушысы болғыңыз келеді ме? Өз талаптарыңызды қанағаттандыратындай, мамандық таңдауда төменде көрсетілген басты тармақтарды негізге алуға тырысыңыз:
Жұмыс жасау стилін бағалаңыз. Сіздің бойыңызда жеке жұмыс жасауға қабілеттілік, лидерлік қасиеттер басымырақ па немесе сізге белгілі бір құрылыммен жүйеленген жұмыс ортасы мен қадағалаушы қажет пе? Сіздің жұмыс жасау стиліңіз сізге жалғыз жұмыс істей алатыныңызды немесе ұжымның бір бөлігі бола алатындығыңызды түсінуге көмектеседі.
Өз таланттарыңызды біліңіз. Егер сіздің қандай да бір хоббиіңіз немесе қабілетіңіз болса, оны өз жұмысыңызбен байланыстыруға тырысыңыз. Сонда сізге жұмысыңыз нәтижелі және әрі жағымды бола алады.
Қаржылық мақсаттар қойыңыз. Өзіңіздің қаржылық қажеттіліктеріңізді нақты анықтаңыз және қаржылық мақсаттарыңызды қанағаттандыра алатын жұмысты таңдаңыз.
Сіз таңдаған мамандықты меңгеру, яғни оқу үшін қанша қаражат кететінін анықтаңыз және сіз үшін қолжетімділігін зерттеңіз. Шәкіртақы, байқаулар мен олимпиадалар сынды мүмкіндіктерді қарастырыңыз.
Өзіңіздің қызығушылықтарыңызға сәйкес мамандықтар тізімін жасаңыз. Сонымен қатар дайындаған тізімді барынша қысқартуға да тырысыңыз. Сіз мұны сізге сәйкес келетін тармақтар бойынша жасауыңыз керек. Дұрыс шешім қабылдау үшін ата-аналарыңызбен кеңесіп алғаныңыз да жөн.
Мансап жолындағы мақсаттарыңыз бен міндеттеріңізге шолу жасап шығыңыз және тек сол мақсаттармен шектелмеңіз — сіздің жұмыс жасау жоспарыңыз сізге жаңа нәрсені үйренуге, білуге септігін тигізуі қажет.
Дереккөз:bilimland.kz