Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады
Kyzylorda-news.kz. Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 481 түп сора анықтады.
Полицейлер жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті 2 азаматты анықтап, ұстады. Олар 42 және 40 жастағы облыс тұрғындары болып шықты.
Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Мән – жайлар анықталуда.