Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Әскери бөлімде салауатты өмірді қалыптастыру онкүндігі өтті

Қызылорда: Әскери бөлімде салауатты өмірді қалыптастыру онкүндігі өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлімде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып, «Біз салауатты өмірді таңдаймыз» атты онкүндік аяқталды.

Онкүндіктің негізгі мақсаты – бөлімде ас мәзірін қадағалау, медициналық және киім-кешекпен қамтамасыз етуді реттеу, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды дұрыс сақтау және әскери ұжымда салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Онкүндік кезінде жоспарға сай аталған тақырыптарға байланысты бөлім жеке құрамымен теориялық және тәжірибелік түсіндірме сабақтары жүргізілді.

Шара барысында әскери қызметшілерге қызметтен тыс отбасылық жағдайында да санитарлық талаптарды дұрыс сақтау, отбасының әрбір мүшесі үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру сияқты әскери бөлімнің лауазымды тұлғаларының нұсқаулары өткізілді.

«Жоспарға сай бөлім жеке құрамымен тиісті түсіндірме сабақтары ойдағыдай ұйымдастырылды. Өтіп жатқан онкүндік әсерінен әскери қызметшілердің эпидемиологиялық нормаларды дұрыс сақтауына жәнеұжымда салауатты өмір салтын қалыптастыруына сенімім мол», – дейді әскери бөлімнің идеология және арнайы насихаттау жөніндегі аға офицері, майор Батырбек Әбдірәсілов.
Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын тауып, бөлімнің жеке құрамымен онкүндіктен тыс сабақтар да өткізілу жоспарлануда.
02 тамыз 2021 ж. 157 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области