Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Термометр бағандары түнгі уақытта еліміздің батысында 15-25 жылылықты, солтүстігінде 10-20 жылылықты көрсетеді. Күндізгі уақытта ауа температурасы батыста 27-35 жылыға дейін, солтүстікте 23-30 жылыға дейін болады.
Шығыста және орталықта ауа температурасы: түнде 10-20 градус, күндіз 25-35 градус жылы болады.
Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында ыстық, құрғақ ауа райы сақталады, кей жерлерде шаңды дауылмен жел күшейеді. Алдағы күндері ауа температурасы: түнде 20-28 градус жылы, күндіз 32-42 градус жылы болады.