Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. 5 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің оңтүстігінде және орталығында ғана күн жауын-шашынсыз, ыстық болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, таңертең және күндіз Түркістан, күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында шаңды дауыл тұрып, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жауады. Маңғыстау облысының жағалауында, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Күндіз Атырау облысы, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
05 тамыз 2021 ж. 173 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области