Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда азаматтарды емханаға тіркеу ережесі өзгерді

Қазақстанда азаматтарды емханаға тіркеу ережесі өзгерді

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда тұрғындарды емханаға тіркеу қатысты ережеге өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрі «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 13 қарашадағы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Жеке тұлғалардың емханаға тіркелуі оларға ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін) аясында және МӘМС (міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру) жүйесінде жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы алғашқы медициналық-санитарлық көмекті алуға мүмкіндік береді.

Құжатта көрсетілгендей, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында азаматтарға ұсынылатын алғашқы медициналық-санитарлық көмек ел азаматтарымен қатар қандастарға, босқындарға, шетел азаматтары мен Қазақстанда тұрақты тұратын азаматтарға келісімшарт аясында көрсетіледі.

«Жеке тұлға емханаға немесе медициналық орталыққа тіркелген кезде, осыған дейінгі медициналық қызмет алған мекемеден автоматты түрде шығарылады», – делінген бұйрықта.

Сондай-ақ, азаматтарды емханаға тіркеу тұрақты және уақытша мекенжай бойынша жүзеге асырылады. Және азаматқа емхананы таңдау мүмкіндігі беріледі.

Сол сияқты азаматтар емханаға «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы өтініш беріп, өздігінен тіркеле алады. Емхана азаматтарға қатысты жеке мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
06 тамыз 2021 ж. 218 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области