Ауыр атлет Илья Ильин үндеу жасады
Kyzylorda-news.kz. Ауыр атлетикадан бірнеше дүркін әлем чемпионы Илья Ильин қызылордалықтарға үндеу жасады. Ол шомылу маусымының соңына дейін барлық су айдынындағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
Зілтемірші өзінің бейнеүндеуінде су айдыны маңындағы демалыс кезінде өзіне және өз балаларына сақ болу керектігін атап өтті.
«Егер сіз бос уақытыңызды су айдыны жағасында өткізуді шешсеңіз, онда ол демалыс орны жабдықталған жағажай болуы керек. Оған қоса балалармен бірге баратын болсаңыз, онда балаларды ұдайы көзден таса қылмаңыз», – деді Илья Ильин.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су айдыны жағасындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін ұдайы сақтау қажеттігін ескертеді:
Балаларды су айдыны жағасында бір минутқа да қараусыз қалдырмаңыз! Су айдыны маңындағы демалысыңыз қайғылы жағдайға айналмауы үшін өз қауіпсіздігіңізді нығайтыңыз!