Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралда ауласына есірткі еккен тұрғындар ұсталды

Аралда ауласына есірткі еккен тұрғындар ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданында ауласына есірткі еккен 2 тұрғын ұсталды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 5 тамыз күні «Қарасора-2021» жедел профилактикалық іс шарасы барысында Арал ауданында жергілікті екі тұрғынның өз үйлерінің бақшаларына сора өсімдігін еккендігін анықтады.

Жедел тергеу тобымен жүргізілген іздестіру шараларының барысында күдікті ретінде сол ауданның 39 – 47 жастағы тұрғындары ұсталды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен (Ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән – жайлары анықталуда.

06 тамыз 2021 ж. 193 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области