Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 59 бала коронавирус инфекциясымен күресуде

Қызылордада 59 бала коронавирус инфекциясымен күресуде

Kyzylorda-news.kz. Көпбейінді облыстық балалар ауруханасында 72 науқас ем алуда. Оның 59-ы әр түрлі жастағы балалар. Қалған 13-і балалардың аналары, күтім бойынша жатқызылғандар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көпбейінді облыстық балалар ауруханасының педиатр дәрігері Жұлдыз Қуатова мәлімдеді.

Айтуынша сәуір айында ауруханадан 20 орынға лайықталып короновирус инфекциясы бөлімшесі ашылса, шілдеде індеттің өршуіне байланысты орын саны 90-ға дейін көбейтілген.

«Көбіне аурудың симптомдары айқын. 1 жасқа дейінгі сәбилер арасында да ауру тіркелуде. Қазіргі кезде жан сақтау бөлімінде 2 бала жатыр. Бірі нәресте, енді бірі жасөспірім бала. Науқастар ауруханаға жағдайлары нашарлап, температурасы 39-40-тан түспей, ентігумен түсіп жатыр. Сондықтан балалар ауырмасын десек, ата-аналары екпе алып, сақтану керек. Сәбилердің иммунитетін түсіріп алмай, көпшілік орындарға жиі апармауы қажет», – деді дәрігер.
11 тамыз 2021 ж. 117 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области