Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада су тапшылығын алдын алу мақсатында 93 дана насос орнатылды

Қызылордада су тапшылығын алдын алу мақсатында 93 дана насос орнатылды

Kyzylorda-news.kz. Сыр дихандарының тіршілік нәрі су тапшылығы кезінде қолда барды ұқсатып, қажырлы қарекет жасаудың нәтижесінде, биылғы жылы егілген 83,6 мың гектар күріш алқабын толығымен ораққа түсіріп, одан жоғары өнім алу жоспарлануда. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жылғы вегетациялық кезеңде ауыл шаруашылығы дақылдарын суару барысында көптеген қиыншылықтар болды. Қашыртқыдан су алып, насос арқылы қайтадан егістікке су беру технологиясы тиімді қолданылды. Нақты жасалған шаралардың арқасында күріштің судан қалу көлемі орын алған жоқ.

Осы жұмыстарды жүргізу үшін облыс бойынша Сырдария өзеніндегі су тапшылығы салдарынан егілген егісті вегетациялық кезеңге судан қалдырмау мақсатында облыс бойынша барлығы 93 дана су тартатын насос қондырғылары пайдаланылды.

Айта кету қажет, «GoldenBridgeTuran» компаниясымен бірге «Қазақ ғылыми-зерттеу институты» 175 гектарға күрішті көшеттеп егу әдісі арқылы жұмысты бастады. Бұл жоба өнімділікті арттыруға және суармалы суды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, су үнемдеу мақсатында биылғы жылы егілген күріш көлеміне себілген тұқымдардың 14%-ына қысқа мерзімде пісіп жетілетін жергілікті «Сыр сұлуы» күріш сорты себілді.
13 тамыз 2021 ж. 143 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области