Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ербол Қарашөкеев: Резервтен бөлінген қаржы арнайы мал азығының бағасын арзандатуға ғана арналған

Ербол Қарашөкеев: Резервтен бөлінген қаржы арнайы мал азығының бағасын арзандатуға ғана арналған

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысына Үкімет резерві тарапынан 1,7 млрд. теңге, Маңғыстау облысына 1,9 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат жергілікті бюджетке жетті, бүгінде әкімшілік оны үлестіре бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

«Жеке қосалқы қожалықтарға және шаруа қожалықтарына берілетін бұл ақша мал азығын арзандатуға арналған. Оны жергілікті әкімшіліктер жеке қосалқы шаруашылықтардың, шаруа қожалықтарының тізімдерін нақтылап таратады. Бұл қаржы сатып алған мал азығын, жемшөпті арзандатуға ақшалай түрде алынатын болады. Қаражат тамыз айының соңына дейін игерілмек. Резервтен бөлінген қаржы арнайы мал азығының бағасын арзандатуға ғана арналған. Басқа ешқандай мақсатта жұмсалмайды», – деді Ербол Қарашөкеев.

Сонымен қатар, қыркүйек айынан кейін шөптің болмау қаупіне байланысты жемшөп резервін құру үшін 5,3 млрд. теңге қарастырылған. Маңғыстау облысының әкімшілігі 25 мың тонна шөп, 35 мың тонна жем сатып алуды жоспарлап отыр.
13 тамыз 2021 ж. 160 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области