Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушылар қанша ақша алады?

Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушылар қанша ақша алады?

Kyzylorda-news.kz. 2020 жылы Қазақстанның бес облысы ерікті қоныс аудару бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылады, деп хабарлайды Aikyn.kz.«2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» жобаға сәйкес, аймақтарға өз еріктерімен көшкен адамдарға мемлекеттік қолдау көрсету үшін барлығы 1,6 млрд теңге бөлінді.
Ең көп сома Павлодар облысына келеді – 702,4 млн теңге. Бұл көлемнен шамамен екі еседей төмен қаражат Солтүстік Қазақстан облысына бөлінеді – 382,2 млн.
Сондай-ақ, Қостанай облысына 256,8 млн теңге, Шығыс Қазақстанға – 237,1 млн теңге беріледі. Ең аз қаржы Ақмола облысына деп жоспарланған – барлығы 24 миллион теңге.
Бұдан бөлек, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарға республикалық бюджеттен үш есе көп қаражат бөлінеді – 4,6 млрд теңге. Аталған қаржы жастарды қолдауға, аз қамтылған көп балалы отбасылардың мүшелері мен аз қамтылған еңбекке қабілетті мүгедектерді қолдау үшін де қарастырылған.
Сонымен қатар, жалақы мен жастар практикасын ішінара субсидиялауға 12 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде Түркістан облысына – 3 млрд, ал Қызылорда облысына – 1,2 млрд теңге бөлініп отыр.
11 желтоқсан 2019 ж. 555 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области