Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тереңөзекте газдандыру жұмыстары қарқын алды

Тереңөзекте газдандыру жұмыстары қарқын алды

Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде құны 3,1 млрд.теңгені құрайтын автоматты газ тарату станциясын орнатумен қоса, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырынан бұрма газ құбырының құрылысы жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл бұл жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1,7 млрд. теңге және облыстық бюджеттен 120 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ал 2019 жылға республикалық бюджеттен 1,1 млрд.теңге, облыстық бюджеттен 197 млн.теңге қаржы бөлініп, осы жұмыстар мамыр айында аяқталатын болады.
Сондай-ақ, жалпы құны 2,4 млрд.теңгені құрайтын Тереңөзек кентінің квартілішілік газ құбырлары желісінің құрылысы 2019-2020 жылдары іске асыру жоспарлануда. Бұл жобаны іске асыру үшін келер жылға республикалық бюджеттен 525 млн.теңге және облыстық бюджеттен 52 млн.теңге қаржы бөлінуде. 2020 жылға 1 млрд. 679 млн.теңгені республикалық және 188 млн.теңгені облыстық бюджеттерден бөлу жоспарлануда.
25 желтоқсан 2018 ж. 501 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области