Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдария ауданында 16,4 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді

Сырдария ауданында 16,4 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді

Сырдария ауданында биылғы жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 5,2 млрд. теңгені құрап, 16,4 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылы Қалжан Ахун ауылындағы тұтынушы тұрғын үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылыс жұмыстарын аяқтауға республикалық және облыстық бюджеттен 171 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталып пайдалануға берілді.
Биыл облыстық бюджет есебінен 55,8 млн. теңгеге И.Тоқтыбаев, Жеңістің 50 жылдығы көшелері орташа жөнделді.
Өткен жылы басталған Ақжарма елді мекеніндегі электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарды аяқтауға облыстық бюджеттен қосымша 50 млн. теңге бөлінді. Ақжарма ауылында биылдың өзінде құны 192,0 млн теңгені құрайтын жаңадан спорттық сауықтыру кешені мен жалпы құны 137,9 млн. теңге болатын дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі автожолындағы екі көпірге облыстық бюджеттен 100 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады күтілуде.
Былтыр құрылысы басталған құны 239,43 млн.теңге құрайтын Бесарық елді мекеніне кіреберіс жолы үшін «Жаңадария» каналы арқылы өтетін автожол көпірінің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.
25 желтоқсан 2018 ж. 544 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области