Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдарияға көгілдір отын 2020 жылы келеді

Сырдарияға көгілдір отын 2020 жылы келеді

Сырдария ауданына табиғи газ келетін күн алыс емес, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Тереңөзек кентінің кварталішілік газ құбырлары желісінің құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл жұмыстардың сапалы жүргізілуін аудан әкімдігі назарында ұстап отыр.
Жалпы құны 2,4 млрд теңгені құрайтын Тереңөзек кентінің кварталішілік газ құбырлары желісінің құрылысын 2019-2020 жылдары іске асыру жоспарлануда.
Бұл жобаны іске асыру үшін 2019 жылға республикалық бюджеттен 525 млн.теңге және облыстық бюджеттен 52 млн.теңге қаржы бөлінуде. Сонымен бірге, 2020 жылға 1 млрд 679 млн.теңгені республикалық және 188 млн.теңгені облыстық бюджеттерден бөлу жоспарлануда.
Осы орайда аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Тереңөзек кентіндегі 22 мекемеге газ желісін қосу үшін мемлекеттік сараптамадан өткен жоба сметалық құжат әзірлеуге аудандық бюджеттен 64 млн.теңге қаржы бөлінді.
09 қаңтар 2019 ж. 460 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области