Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағаштықтар 2020 жылы көгілдір отынмен қамтылады

Жалағаштықтар 2020 жылы көгілдір отынмен қамтылады


Жалағаш ауданында 2020 жылдың аяғына дейін толықтай газдандыру жұмыстары аяқталады деп күтілуде, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Қазіргі таңда Жалағаш және Тереңөзек кенттеріне ортақ автоматтандырылған газ тарату станциясы құрылысының жұмыстары Тереңөзек кентінде жүргізілуде. Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 1,1 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 60,6 млн. теңге қаржы бөлінді. Жалпы жоба құны 3 млрд 189,8 млн теңгені құрайды.
Жоспар бойынша бұл жұмыстар 2019 жылдың наурыз айында аяқталуы тиіс. Мердігер мекеме «Транс Азия Контракшн» ЖШС.
Сонымен қатар, облыстық бюджеттен бөлінген 131 млн. теңгеге магистралдық желілер мен Жалағаш кентішілік желілер құрылысын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, өткен жылдың 28 қарашасында мемлекеттік сараптамаға тапсырылған. Сараптамаға дейінгі жоба құны 3,4 млрд. теңгені құрап отыр. Ал жобалау¬шы мекеме шымкенттік «Әсем Жоба Құрылыс» ЖШС.
04 қаңтар 2019 ж. 509 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области