Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Олимпиада жүлдегері сыйақысын мұқтаждарға жұмсайтынын мәлімдеді

Олимпиада жүлдегері сыйақысын мұқтаждарға жұмсайтынын мәлімдеді

Kyzylorda-news.kz. Токио олимпиадасында қола жүлдегер атанған қазақстандық спортшы Нұрислам Санаев жүлде үшін берілген қаржыны мұқтаждарға жұмсайтынын айтты.

Ол қолдау білдірген қазақстандықтарға ризашылығын білдірді.

«Мен ес білгелі қиыншылықты, жоқшылықты көріп өстім. Сол кездегі бала арман мені биік белестерге жетеледі. Ең алғаш спортқа қадам басқанда олимпиадада топ жарып, мұқтаж жандарға көмектесу арманым болатын. Бүгін де сол арманыма қол жеткізіп отырмын. Мемлекет тарапынан маған берілетін қомақты сыйақыны мен мұқтаж отбасылар мен науқас балалардың еміне жұмсамақпын. Елімізде бақытты отбасылардың саны көп болсын!» – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, мәдениет және спорт министрлігі Нұрислам Санаевқа қола жүлдесі үшін 31 миллион теңгенің сертификатын табыстаған.
14 тамыз 2021 ж. 110 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области