Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Вакцина алмаған студент Ashyq арқылы сабаққа қатыса ала ма?

Вакцина алмаған студент Ashyq арқылы сабаққа қатыса ала ма?

Kyzylorda-news.kz. Вакцина алмаған студент Ashyq арқылы сабаққа қатыса ала ма? Бұл сауалға ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Вакцина алмаған студент Ashyq арқылы сабаққа қатыса алады. Егер студент ғимаратқа Ashyq арқылы кіретін болса, онда ПТР анықтама талап етудің қажеті жоқ. Олар «көк» немесе «жасыл» мәртебемен кіреді. Яғни ол «жасыл» түсті болса вакцина алған немесе таяуда ПТР тест тапсырған деген сөз», – деді комитет төрағасы.

Оның атап өтуінше, сабаққа ПТР тестінің оң нәтижесі бар студенттер және коронавируспен ауырғандармен байланыста болғандар жіберілмейді.

«Бірақ мынаны ерекше атап өткім келеді. Егер, жоғары оқу орындары немесе колледж студенттерінің арасында коронвируспен ауырған адам анықталатын болса, онда онымен байланыста болған, вакцина алмаған студенттер бірінші кезекте 14 күндік карантинге жіберіледі», – деді Айжан Есмағамбетова.
21 тамыз 2021 ж. 211 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области