Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі танымал қазақстандық тележурналист Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығына өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды. Байқау «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорымен ынтымақтастықта жүргізіледі.

«Жігер» сыйлығына өтінімдерді қабылдау 2021 жылы 20 тамыздан 20 қыркүйекке дейін «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының mdq.kz ресми сайтында жүзеге асырылады.

«Жігер» – журналистік шеберлік саласында әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды жариялағаны үшін берілетін кәсіби сыйлық.

Сыйлықтың негізгі мақсаты – талантты журналист, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты Бейсен Құранбектің есімін ел жадында өшірмеу, мұрасын сақтап қалу. Белді журналист қазақстандық телевизияның дамуына үлкен үлес қосып, еңбексүйгіштігі мен кәсібіне қалтқысыз қызмет етуінің арқасында әріптестері мен телекөрермендер арасында сүйіспеншілікті жаулап алды.

Конкурсқа қатысу шарттары:

• конкурсқа Қазақстан Республикасының Республикалық және облыстық телебағдарламалары қатыса алады;

• конкурсқа ұсынылған материалдар телеэфирде 2021 жылдың 1 қаңтары мен 19 қыркүйек аралығында көрсетілуі тиіс;

• конкурсқа қазақ және орыс тілдеріндегі жұмыстар қабылданады;

• конкурсқа қоғам үшін өзекті мәселелерді және әлеуметтік тақырыпты қозғайтын телебағдарламалар қатыса алады.

Марапат Бейсен Құранбектің журналистік қызметтегі принциптерін барынша толық көрсете білген жұмыстарға беріледі. Құрамына медиасала мамандары және Бейсен Құранбектің үзеңгілес достары енетін қазылар алқасының мүшелері дауыс беру қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтайтын болады.

Байқау жеңімпаздары «Жігер» естелік мүсіншесінің, дипломның және қаржылай сыйлықтың иегері атанады. I орын үшін – 1 000 000 теңге, II орын үшін – 500 000 теңге және III орын үшін – 300 000 теңге.

Байқау қорытындысы мен жеңімпаздар есімдері 2021 жылдың 27 қыркүйегінде белгілі болады.

«Жігер» сыйлығы алғаш рет 2020 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорымен ынтымақтастықта құрылды. Сыйлыққа отандық БАҚ-тың 4 өкілі ие болды.

21 тамыз 2021 ж. 216 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области