Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ауғанстанда қанша қазақ бар?

Ауғанстанда қанша қазақ бар?

Kyzylorda-news.kz. Ауғанстанда барлығы 15-ке жуық қазақ отбасы тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шамамен 200-дей адам. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадяровтың мәліметі осындай. Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы елдегі этникалық қазақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тарихи отанына қайтаруға көмек көрсету бойынша арнайы тапсырма берген. Осыған байланысты мәселе Ауғанстандағы елшіліктің ерекше бақылауына алынды. Қазір Кабулде біздің елдің оншақты дипломаты штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында азаматтардың этникалық қазақ екенін анықтайтын арнайы комиссия құрылған.

Айта кетейік, Кабулдағы Қазақстан елшілігін Талибан ұйымының өкілдері күзетіп тұр. Тәліптер Ауғанстан астанасын басып алған күні біздің елшілікке келіп, жұмысты бұрынғыша жалғастыра беруді айтқан. Сондай-ақ дипломаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде берген.

«Кейбір БАҚ Ауғанстанда бірнеше мың этникалық қазақ тұратыны туралы тексерілмеген ақпарат таратты. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Осыған байланысты ақпаратты мұқият тексеріп, қажетсіз дүрліктірмеуді сұраймыз. Біз тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз және Ауғанстандағы қазақтармен тұрақты байланыстамыз», – ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Айбек Смадияров.
23 тамыз 2021 ж. 193 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области