Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 24 тамызға арналған ауа райы болжамы

24 тамызға арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен найзағаймен жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауылмен, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында, таулы аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының тауларында күндіз найзағай күтіледі, таулы аудандарда және батысында жел 15-20 м/с күшейеді, батысында шаңды дауылмен.

Батыс Қазақстан облысында күндіз батыста, солтүстік-батыста найзағай күтіледі, облыстың батысында, солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының батысында найзағай күтіледі, облыстың оңтүстігі мен батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының жағалауына тұман түседі.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
24 тамыз 2021 ж. 206 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области