Қазалының қарбызы

Шаруашылық бригадирі Талап Дүзбаевтың айтуынша, ағайындарымен бірге жыл сайын 15 гектар жерге бақша дақылдарын егеді. Оның ішінде қарбыз егуге көбірек басымдық береді. Себебі дәмі тіл үйіретін шаруашылықтың қарбыздарына сұраныс жоғары.
«Жер құнарлы болғандықтан, бақша өнімдерін күтіп-баптауда қиындықтар болмады. Сол еңбегіміздің жемісін көріп, алған өнімдерімізді жақын елді мекендермен қатар, Арал ауданына апарып сатып жатырмыз. Тұрғындар біздің қарбызға өте жоғары баға береді. Біздің қарбызды ғана сатып алып жатады. Бау-бақшаға суды «Бозарық» каналынан насоспен тартып, суарамыз. Биыл жаздай бақшаны күтіп-баптау, арам шөбін отау, өнімді жинау, басқа да жұмыстарды отбасымызбен атқардық», – дейді Талап Дүзбаев.