Жайылмалықтардың жаңалығы көп
Kyzylorda-news.kz.Бүгін Жаңақорған аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков Жайылма ауылының шаруаларымен кездесті.
Биыл ауыл еңбеккерлері 430 гектар жерге қарбыз екті. 2 шілдеден бастап Жайылманың "бренді" республиканың ірі өңірлеріне жеткізіліп, сонымен қатар Ресей еліне де экспортталуда. Бүгінгі күні өнімді сатып алушылар саны да көп, сәйкесінше баға да жоғары.
"Биыл Жайылманың жаңалығы көп, өйткені тек жылдағы дәстүр бойынша ауыл еңбеккерлері тек елімізге атағымен белгілі қарбыз ғана емес басқа да көкөніс өнімдерін, айтар болсақ, 50 гектар жүгері, 35 гектар картоп және 30 гектарға көкөніс өнімдерін де жерге сеуіп, жоғары өнім алмақшы. Ең қуанышты жаңалық, ауылдағы "Жиделі" және "Сенім" шаруа қожалығы ауыл аумағына 180 гектарға ескі жоңышқа, 50 гектар жерге жаңа жоңышқа екті. Тың жерге егілген дән әрдайым жоғары өнім береді", - деді Жайылма ауылының әкімі Талғат Зейдалиев.