Қармақшыда мал саны 5,1 пайызға артқан
Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылы Қармақшы ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында 1085 бас төрт түлік сатып алынған. Нәтижесінде мал саны бойынша өсім көрсеткіші 5,1 пайызды құрады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қармақшы ауданының әкімі Қайрат Нұртай аудандағы мал шаруашылығын дамыту мәселесі жайында кеңінен айтып берді.
Ауданда мүйізді ірі қара басы 2,2 пайызға, қой басы 5,7 пайызға, ешкі басы 2,8 пайызға, жылқы басы 10,9 пайызға, түйе басы 5,5 пайызға өскен. Тиісінше мал азығының бағасы да үнемі бақылауда.
«Қазіргі таңда шаруашылықтарда қыс мезгіліне мал азығын дайындауда қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Қысқа түсетін малдардың саны 47500 басқа нақтыланды. Қыс мезгілінде қора жайда тұратын мүйізді ірі қара, жылқы, уақ малдар үшін қажетті 85500 тн шөп, 17100 тн жемнің көлемі анықталды. Биылғы жылы 4697 гектар ескі жоңышқа және 2960 гектар жаңа жоңышқа егілген болатын. Қазіргі таңда 23,7 мың тонна жоңышқа, 42,9 мың тонна пішен шөбі дайындалды. Сонымен қатар, Жосалы, Төретам кенттерінде және Ақай ауылдық округінде 4 рет жем-шөп жәрмеңкесі өтіп, тұрғындарға жергілікті сатылымдағы бағадан төмен бағада ұсынылды»,-деді аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы.
Сонымен қатар, Арал ауданыңда орын алған қуаншылыққа байланысты Қармақшы ауданы жәрмеңке есібінен 11780 дана жоңышқа бумасын жеткізді. Арал ауданына қарасты Жаңақұрылыс ауылдық округінің 30 тұрғыны шөп орып алуға сұраныс білдіріп, аудан тарапынан мал азығын дайындаушыларға көмек берілді. Сонымен қатар, Жосалы, Төретам кенттерінде және Ақай ауылдық округінде 4 рет жем-шөп жәрмеңкесі өтіп, тұрғындарға жергілікті сатылымдағы бағадан төмен бағада ұсынылған.