Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫННЫҢ НЕГІЗГІ КӘСІБІ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫННЫҢ НЕГІЗГІ КӘСІБІ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ


Далалық жердегі ұсақ шаруашылықтарды біріктіріп, кооперативке айналдыру ауыл шаруашылығының өз деңгейінде дамуына жол ашады.
Қармақшы ауданы әкімі Сұлтан Мақашов атап өткендей, мал басын өсіру, оның өнімін өндіру бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында мал басының барлық түрлерінде өткен жылғы есепті кезеңге салыстырғанда өсім қалыптасып отыр.
Мал шаруашылығында өткен жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда мүйізді ірі қара басы 7,2 пайызға (28964 бас), қой басы 0,3 пайызға (33289 бас), жылқы басы 7,4 пайызға (8997 бас), түйе басы 6,8 пайызға (3190 бас), құстар 6,1 пайызға (16289 бас) өскен.
Есепті кезеңде 1844,8 тонна ет, 3300,2 тонна сүт, 325,2 мың дана жұмыртқа өнімдері өндірілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 102,0 пайызды, сүт өнімі 102,4 пайызды, жұмыртқа 102,5 пайызды құрады.
Қазіргі таңда Қармақшы ауданы бойынша тұқымдық түрлендірумен 35 шаруа қожалық МІҚ, 3 шаруа қожалығы қой және 16 шаруа қожалықтар жылқы шаруашылығымен айналысуда. Биылғы жылы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту» бойынша 2018 жылдың қаңтар-шілде айларында 30,5 мың теңге субсидия төленді.
Мал басын көбейту мақсатындағы жұмыстарға мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар аясында қолдау көрсетіліп келеді.
07 қыркүйек 2018 ж. 1 057 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области