Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МАЛ БАСЫНДА ӨСІМ БАР

МАЛ БАСЫНДА ӨСІМ БАР

Жалағаш ауданында мал басын арттыру мақсатында шаруа қожалықтар мемлекет ұсынған бағдарламаларды тиімді пайдаланып келеді. Соның нәтижесінде төрт түлік мал басы былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда МІҚ – 1,5 пайызға, жылқы – 13 пайызға, түйе – 10,8 пайызға, үй құстары 23,5 пайызға артса, қой – 99,9 пайызды, ешкі – 99,7 пайызды құрады.
Есепті мерзімде ет өндіру 2,4 пайызға өссе, сүт өндіру 1,4 пайызға, жұмыртқа 2,9 пайызға артып отыр.
Мал шаруашылығын дамытуға «КазАгроҰлттық басқару Холдингі» жобасының негізінде дайындалған «Сыбаға» бағдарламасы арқылы аудан бойынша 40 шаруашылық 2011-2018 жылдар аралығында 311,21 млн теңге несие алды. Несие қаражатына 2473 бас жергілікті аналық пен 123 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды. Бүгінгі күнге мал басы 4290 басқа жетіп отыр.
Сонымен қатар 25 шаруашылық өз қаражаттарымен «Сыбаға» бағдарламасының қатысушысы болып жұмыс жасауда.
Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңына сәйкес аудан бойынша 146 шаруашылық пен жеке тұлғалардың бірігуімен 41 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылды.
Осы құрылған кооперативтерінің ішінде нәтижелі жұмыс жасап жатқандары да бар.
Атап айтатын болсақ, «Табыс» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі «Елу ел» бағдарламасы аясында алынған несиеге 309 бас МІҚ малын бордақылап, 4,5 тонна өнім өндірді.
Бұған қоса, «Аққұм бірлік» кооперативінің 5 мүшесі «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша 1 млн. теңгеден несие алып, мал бордақылаумен айналысуда.
29 тамыз 2018 ж. 661 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области