Қызылордалық жастар Жолдауды тыңдады

«Біз тұғыры мығым ел болу жолында кедергілерді еңсеріп, қиындықтарды жеңіп келеміз. Мұның бәріне берекелі бірлік пен еселі еңбек арқылы жеттік. Еліміз тәуелсіздік жылнамасының үшінші онжылдығына қадам басқалы тұр. Бұл кезеңнің оңай болмайтындығы қазірдің өзінде айқын байқалуда. Кез келген сын-қатерге дайын болуға тиіспіз. Тынымсыз ізденіп, ұдайы алға ұмтылуымыз қажет», – деді Мемлекет басшысы Жолдауда.
Сонымен қатар, Президент жастарға әрдайым сенім артатынында сөз басында айта өтті. Сол себептен де, жас буынға түрлі саланы еркін меңгеріп, өзінің қалаған ісімен айналысуына мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар жасалуда.
Жолдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ел ахуалына тоқталып, бірқатар мәселелердің басын ашып, шешілу жолдарын қарастырды.