Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Аялдамаларға қазақша атау беріледі

Қызылорда: Аялдамаларға қазақша атау беріледі

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту мақсатында тындырымды тірлік атқарып, жүйелі жұмыс істеп жүрген ұйымның бірі «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы.

Қазақ тілін білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналдыруды негізге алған Қоғамдық бірлестік 32 жылдан бері жеке дара ұйым ретінде әрекет етіп келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Сәдуақас Аңсат ұйымның атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарларын ортаға салды.

5 қыркүйек – Қазақстан Халқы тілдері күніне орай өткен брифингте Сәдуақас Әбдіқадырұлы 1989 жылы қыркүйек айында кеңес одағы кезіндегі оңтүстік партия комитеті тұсында жеке дара ұйым болып құрылған Халықаралық қазақ тілі қоғамының тарихынан сыр шертер тың ақпараттармен бөлісіп, бүгінгі күні маңыз берген негізгі жұмыстарына тоқталды.

Айтуынша қазіргі таңда қала ішіндегі қоғамдық көлік аялдамаларына қазақша атау беру мәселесі қолға алынған. Ұйым бұл бастамасын облыстық ішкі саясат басқармасы және облыстық тілдерді оқыту орталығы арқылы жүзеге асыруда.

Айта кету керек, аялдамаларға қазақтың зиялы қауым өкілдерінің суреттерін қоюды да алғаш болып ұсынғандардың бірі «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы.
03 қыркүйек 2021 ж. 183 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области