Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арман Мусаев: Сұранысқа ие мамандықтар 100 пайыз тегін оқытылады

Арман Мусаев: Сұранысқа ие мамандықтар 100 пайыз тегін оқытылады

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінде «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын ұсынды.

Биылғы Жолдау Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа – тұс келіп отыр. Жолдау жеті бөлімнен және бес бастамадан тұрады. Жолдаудың қай бөлігінде де, Президентіміз еліміздің әл – ауқатының артуы мен экономикамыздың алға басуына және өзіміздің білім саласының дамуына айрықша назар аударған.

Өзім жиырма жылдан аса еңбек жолымның он бес жылында техникалық және кәсіптік білім беру саласында атқарып келемін. Осы жылдардың барлығында да кезекті Жолдауларда техникалық және кәсіптік білім беру саласы назардан тыс қалған емес. Жолдауды жүзеге асыруға арналған іс – шаралар жоспарына сәйкес түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, техникалық және кәсіптік білім саласында оң нәтижеге бағытталған көп өзгерістер орын алды.

Ал, биылғы Жолдауда да білім саласының алға басатындығы ерекше айтылған. Жыл сайын педагогтардың жалақысының өсуі, педагог мамандығын таңдаған түлектердің көбеюі, дарынды балалардың көбеюі, сұранысқа сай мамандықтарға сай мемлекеттік тапсырыстың көбеюі осының дәлелі.

Пандемия кезіндегі қашықтықтан оқыту да өз кезегінде ұстаздар қауымына оң өзгерістер әкелді. Яғни, барлық ұстаздарымыз ақпараттық – комминациялық технологиялар мен ақпараттық құралдарды басқаруды, түрлі бағдарламалармен жұмыс жасауды меңгерді.

Алда «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасы іске асырылатын болады. Педагогтардың кәсіби біліктіліктіліктерін арттыруды 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даярлау өте дұрыс қолға алынған. Өйткені білім жүйесінде түрлі оқыту технологиялары мен оқу бағдарламалары енгізілуде. Әрбір педагог жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша, ақпараттық – комминикациялық құзіреттіліктерін қалыптастыру, оқу- тәрбие процесін ұйымдастыру мен ғылыми – әдістемелік құзіреттіліктерін дамыту бағытындағы біліктілікті арттыру курстарынан өткені дұрыс.

Жолдаудағы тағы бір білім саласына қатысты айтылған балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеуді толық қуаттаймын. Өскелең ұрпақ болашақ мамандығын жастайыннан таңдап, бейімделуі қажет. Бұл «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе жүзеге асырылмақ. Бұған дейін қабылданған «Тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасының алдағы уақытта та жүзеге асырыла беретіні осы саланың оқытушылары мен инженер – педагогтары үшін қуанышты жағдай. Жұмыссыз жастарды мамандыққа оқытуға, тұрмысы төмен отбасы балаларының жағдайын түзетуге нақты тапсырмалар қабылданбақ. Алда сұранысқа ие барлық мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім жүз пайыз тегін берілмек. Сонымен қатар әскердегі сарбаздардың экономикадағы нақты сектор үшін қажетті жұмысшы мамандығын игеру мәселесі көтерілгені өте орынды.

Президентіміздің жыл сайын 1 – қыркүйек – Білім күні Қазақстан халқына Жолдауын ұсынатыны ұстаздар қауымы үшін үлкен жігер мен зор жауапкершілікті жүктей отырып, көңілге қуаныш ұялатады.

Арман МУСАЕВ,

Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің директоры
06 қыркүйек 2021 ж. 826 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области