Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БОЛАШАҚҚА БАҒДАР – НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН КӘСІБИ БІЛІМ

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР – НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН КӘСІБИ БІЛІМ


    Арал индустриалды-техникалық колледжінің 90 жылдық мерейтойы аясында «Болашаққа бағдар – нәтижеге бағытталған кәсіби білім» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
    Облыстық білім басқармасы, аудан әкімдігі және индустриалды-техникалық колледждің ұйымдастыруымен өткізілген конференцияны аудан әкімі М.Оразбаев ашып, колледждің еңбек жолына қысқаша тоқталып, білім ұясының ұжымына ізгі тілегін жолдады.
    Одан әрі сөз кезегін облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Қасымова алып, кәсіптік білімді меңгерудің маңыздылығы мен игеру жолдары жөнінде баяндама жасады. Ал, колледж директоры Н.Әбішев болса аталмыш білім ордасының қалыптасу тарихын баяндап, алдағы мақсат-міндеттеріне тоқталды.
    Конференция барысы одан әрі «Аралтұз» АҚ вице-президенті Н.Әуесхановтың, КазССР кәсіптік білім беру озаты, колледж ардагері С.Ібрашұлының және техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары директорларының облыстық кеңесінің төрағасы, Қызылорда индустриалды-техникалық колледжінің диреторы Т.Оразбектің құттықтауларына ұласты.
    Жиын соңында колледж ұжымына арнайы аудан әкімінің алғыс хаты мен облыстық білім басқармасының марапаттары табысталды.




12 ақпан 2018 ж. 818 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области