Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СТУДЕНТТЕР САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАДЫ

СТУДЕНТТЕР САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАДЫ


    Қызылордада облыстық білім басқармасы, «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының облыстық филиалы және өңірлік денешынықтыру методикалық орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары студенттері арасында шағын футболдан  облыстық жарыс өтті.
    Турнир жүлдесін Қызылорда политехникалық колледжі, Ақмешіт көпсалалы колледжі, құрылыс-бизнес колледжі, Қызылорда медициналық колледжі, Абылайхан атындағы колледж, И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық колледж, «Жас Өркен» колледжі, Қызылорда индустриалды колледжі, М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі, «Болашақ» колледжі, «Болашақ» медицина колледжі,  Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі, Өркениет колледжі командалары сарапқа салды.
    Тартысты өткен ойында бірінші орын Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі  командасына бұйырса, екінші орынды «Болашақ» колледжінің студенттері иеленді. И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі спортшылары үшінші орыннан көрінсе,  Қызылорда медицина колледжінің спортшыларына төртінші орын бұйырды.  
    Турнирдің жабылуында жеңімпаз, жүлдегер командалармен қатар «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік жартылай қорғаушы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік ойыншы» номинация иелері анықталып, оларға ұйымдастырушылардың сый-сияпаты табысталды.  





16 қараша 2017 ж. 987 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области