Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл «Қызылорда-Жезқазған» трассасының жөндеу жұмыстары басталмақ

Биыл «Қызылорда-Жезқазған» трассасының жөндеу жұмыстары басталмақ

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімінің қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті 6-шы сессиясы өткізілді. Сессияның күн тәртібінде 13 мәселе қаралды.
Аймақ басшысы өңірде Елбасының стратегиялық бастамалары мен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында берілген тапсырмаларды іске асыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілетінін айтып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын маңызды міндеттерді тізбектеді.
Облыс әкімі өңір «жасыл аймақта» болуына қарамастан, пандемиямен күрес негізгі міндет болып қала беретінін мәлімдеді және жылу беру маусымына тиянақты дайындық қажет екенін айтты. Мұнан бөлек, облыс әкімі жаз маусымында орын алған су тапшылығы мен азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытында жүргізілген жұмыстарға тоқталып, азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу шаралары алдағы қыс маусымына байланысты бірінші кезекте атқарылатынын жеткізді.
Гүлшара Әбдіқалықова ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысын саралап, бірқатар салаларда оң динамика қалыптасқанын мәлімдеді.
Атап айтқанда, есепті мерзімде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 158,1 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 3,3%-ға жоғарылады. Ал, жеке инвестициялар көлемі 114,8 млрд.теңгені (үлесі 72,6 %) құрап, өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 11,1%-ға артты (2020 жылғы 8 ай – 101 млрд.теңге). Тұрғын үй салу жоспары 644,7 мың шаршы метр болса, 8 айда тұрғын үйді пайдалануға берудің болжамды көлемі 443,3 мың ш.м құрап отыр. Бүгінгі күнгі 4 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 15 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек.
Мұнан бөлек, облыста газдандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Негізгі үлес 65 пайыз. Оның ішінде биыл Тереңөзек, Жосалы мен Жалағаш кенттері газдандырылса, жыл соңына дейін Қазалы қаласы мен Шиелі ауданындағы Бекежанов және Қодаманов ауылдарын газдандыру жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар, көптен күткен Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және Махамбетов ауылдарын газдандыру жұмыстарына республикалық бюджеттен 500 млн. теңге қаржы бөлініп, мердігер анықталды. Құрылыс жұмыстары осы айда басталады. Жыл соңына дейін облыстың газбен жабдықтау үлесін 67,4 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда.

Биыл көп жылдардан бері көтеріліп келе жатқан Қызылорда-Жезқазған трассасын жөндеу жұмыстары басталмақ. Өткен айда Үкімет тарапынан қолдау тауып, «Қазавтожол» ұлттық компаниясы Еуропа қайта құру және даму банкімен құны 240 миллион доллар тұратын Жезқазған-Қызылорда автомобиль жолының жаңа жобасына қол қойды. Нәтижесінде Қызылорда мен Жезқазған арасындағы ұзындығы 204 шақырымдық ескі жолды күрделі жөндеуге, сондай-ақ, Қызылордадағы ұзындығы 14,8 шақырымдық айналма жолдың құрылысы жүргізілетін болады. Айта кету қажет, бұл мегажоба Қызылорда облысынан бастау алатын болады.
Сондай-ақ, мәслихат сессиясының отырысы аясында жауапты басқарма басшылары атқарылған жұмыстарды баяндады, депутаттық корпус өкілдері бірқатар маңызды мәселе бойынша шешім қабылдады.
Айта кетейік, өткен аптада аймақ басшысы Қызылорда қаласындағы тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындарын аралап, жұмысымен танысты. Сондай-ақ, облыстық штаб отырысында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің дайындығы мәселелері пысықталды. Облыс бойынша тұрғындарға қажетті 140,4 мың тонна көмірдің қорының 91 мыңы (64%) жеткізілді.
06 қазан 2021 ж. 110 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области