Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді: Министр бұйрыққа қол қойды

17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді: Министр бұйрыққа қол қойды

Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрі міндетті вакцинацияны алмағандар жұмысқа жіберілмейтіні туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынуы (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек және скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға» толықтырулар енгізу туралы бұйрыққа қол қойды.
Құжат 17 қазаннан бастап күшіне енеді.
Бұйрықта коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін күндізгі режимдегі жұмысқа тек COVID-19-ға қарсы вакцина алған қызметкерлер жіберілетіні айтылған. Ал вакцина алмағандар ПТР тестілеудің теріс қорытындысы немесе тұрақты медициналық қарсы көрсетілім туралы, коронавиурспен ауырып жазылғанына 3 ай толмағаны туралы медициналық анықтама болған жағдайда ғана жұмысқа жіберілмек. 
08 қазан 2021 ж. 159 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области