Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аймақ басшысы заманауи инновациялық технологияларды қолдану мәселесін талқылады

Аймақ басшысы заманауи инновациялық технологияларды қолдану мәселесін талқылады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Современные Инновационные Технологии» ЖШС директоры Жомарт Момынбаевпен кездесті.
Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев, облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Жаңабаев қатысты.
Басқосуда өңірде жоғары технологиялы жобаларды қолдану мәселесі сөз болды.
Облыс әкімінің назарына Жомарт Момынбаев аймақты бу-газбен қамтамасыз ету бойынша жобасын таныстырды.
Өңір басшысы аталған жобаны жан-жақты сараптап, облыс үшін тигізер тиімділігін зерделеу керектігін алға тартты.
Айта кетейік, «Современные Инновационные Технологии» (ИнТек) ЖШС балама қуат көздерімен жұмыс жасайтын отандық инжинирингтік компания. Қазақстандағы «KEGOC», «Самрұқ-Энерго», «Samruk-Green Energy» сияқты ірі өндіріс компанияларымен серіктестік орнатқан. Осыған дейін Жезқазған қаласындағы күн эелектр станциясын, Ерейментаудағы жел электр станциясын және Қапшағай су қоймасындағы күн электр станциясының құрылысына қатысқан.
09 қазан 2021 ж. 65 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области