«Sputnik V» вакцинасы мақұлдануы мүмкін
Kyzylorda-news.kz. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жыл соңына дейін «Спутник Ви» вакцинасын мақұлдауы мүмкін.
Бірақ ол үшін алдағы күндері тиісті құжаттарға қол қою ісі аяқталуы керек. Бұл туралы аталған ұйымның аға ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан «РИА Новостиге» берген сұхбат барысында мәлімдеді. Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кейбір заң процестерінің жоқ болуына байланысты «Спутник Виді» тексеруді тоқтатқан еді.
Айта кетейік, бүгінде мақұлданған вакциналар қатарында Пфайзер ((Pfizer-BioNTech)), Модерна ((Moderna)), Синовак ((Sinovac)) және АстразЭнэка ((АstraZeneca)) өнімдері бар. Ал ресейлік препарат әлемнің 70 елінде мойындалған.