Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордаға «QAZVAC» вакцинасы келді

Қызылордаға «QAZVAC» вакцинасы келді

Kyzylorda-news.kz. Күні кеше облысқа 36200 вакцина келді. Оның 34200-і «Спутник V», 2000-ы «QAZVAC» коронавирусқа қарсы екпесі. «Спутник V» барлық аудандарға бөлінсе, «QAZVAC» әзірге қалада жүргізіліп жатыр.

«QAZVAC» вакцинасы екі дозалы вакцина және бір ампула бір адамға арналған. Сонымен қатар, отандық вакцина мұздатуды қажет етпейді, яғни, екпе плюс 2-ден 8 градусқа дейінгі температурада сақталады. Айта кетейік, қазіргі таңда еліміз вакциналар өндірісін іске қосқан және вакциналарды шығарудың толық циклін әзірлеуден бастап қолдануға дейін өз бетінше игерген әлемнің 10 елінің қатарына енді. Айта кетейік, бүгінде инфекциялық және провизорлық стационарларда төсек-орын, дәрі-дәрмек, оттегі, концентратор секілді қажетті құрал-жабдықтардың барлығы жеткілікті. Облыс бойынша қазір инфекциялық стационарда 374 науқас, реанимациялық бөлімде 44, оның 28-і қалада, 16-сы аудандарда ем қабылдауда», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.

Егу жұмыстары қазір №1, 3, 4, 5, 6 және «Сенім» емханаларында, облыстық кеңес беру диагностикалық орталығында, «Интертич» клиникасында, Қызылорда ТЖ, «ASA» ЖШС, барлық аудандарда және Байқоңыр қаласында жүргізілуде. Облыс бойынша барлығы 32 егу кабинеті, 23 жылжымалы топ бригадасы ұйымдастырылды. Жалпы, вакцинациялау жұмыстары халыққа қолжетімді болуы мақсатында қосымша театр, базарлар мен сауда орталықтарында жүргізілетін болады.
26 сәуір 2021 ж. 205 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области