Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мамандандырылған ХҚО-да жүргізуші куәлігін беру уақытша тоқтатылды

Мамандандырылған ХҚО-да жүргізуші куәлігін беру уақытша тоқтатылды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында болған техникалық ақаудың салдарынан жүргізуші куәлігін беру уақытша тоқтатылды.
«Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, әзірге ел көлемінде аталған қызмет түрін алу мүмкін болмай тұр.
«Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасындағы ақауға байланысты айыппұлдар мен көлік жүргізу құқығынан айыру туралы мәліметтерді алу мүмкін емес. Сондықтан да ел аумағындағы мамандандырылған ХҚО-да жүргізуші куәліктерін беру мемлекеттік қызметі бойынша клиенттерді қабылдауы уақытша тоқтатылды», – делінген аталған мекеме таратқан хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта жауапты орган база жұмысын қалпына келтіріп жатыр.
«Мамандандырылған ХҚО-ларда қабылдаудың қайта жүргізіле бастағаны туралы ақпарат қосымша хабарланады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – деп хабарланды.

12 қазан 2021 ж. 84 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области